Some image
БҚО Круглоозерное ауылында жүргізуші екі әйелді қағып кетті. Зардап шеккендердің бірі қаза тапты (ВИДЕО)
Clock 09.09.2026 16:20
225
0

Кеше, 2026 жылдың 8 қыркүйегінде Круглоозерное ауылында автокөлік жүргізушісі ауыл ішіндегі жолда бара жатқан екі әйелді қағып кеткен. Ауылдық чаттарда ЖКО салдарынан 31 жастағы әйелдің қаза тапқаны, ал оның анасы ауыр жағдайда ауруханаға түскені туралы ақпарат тарап жатыр. Сараптама жүргізушінің мас болғанын көрсетті.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, иектеме:

«8 қыркүйекте сағат 23:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Круглоозёрное ауылында Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. ЖКО салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан қаза тапты, екіншісі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы БҚО Полиция департаменті басшылығының бақылауында».

 

 

 

 

Талгат Умаров 

0
Оқыс оқиғаларға байланысты депутаттар Батыс Қазақстан облысындағы «НК Қазавтожол» АҚ компаниясының басшысын жұмыстан босатуды талап етті
Оқыс оқиғаларға байланысты депутаттар Батыс Қазақстан облысындағы «НК Қазавтожол» АҚ компаниясының басшысын жұмыстан босатуды талап етті
Clock 14.01.2024 18:42
Орал орталығында емхана корпусын салу үшін скверді отамақшы
Орал орталығында емхана корпусын салу үшін скверді отамақшы
Clock 07.10.2026 09:45
Оралда көпқабатты үйлердің төлелері тексеріледі
Оралда көпқабатты үйлердің төлелері тексеріледі
Clock 08.08.2026 10:35