Some image
Оралда көпқабатты үйлердің төлелері тексеріледі
Clock 08.08.2026 10:35
156
0

Орал қаласында бес және одан да көп қабаты бар тұрғын үйлерді тексеру жұмыстары басталады. Мамандар ғимараттардың төлелерін (подвалдарын) зерттейді. Негізгі мақсат — бұл үй-жайлардың төтенше жағдайлар немесе катаклизмдер кезінде халықты паналатуға арналған «қарапайым тасалану орындары» талаптарына сәйкестігін анықтау.

Тексеру жұмыстарына МҮБ (ОСИ) мен ПИК (КСК) төрағалары тартылады. Олар қаладағы бес қабаттан жоғары барлық көппәтерлі үйлерді аралап шығады. Тексеру қорытындысы бойынша төлелері «қарапайым тасалану орны» талаптарына сай келетін үйлердің тізілімі (реестрі) жасақталады.

Үй-жайлар арнайы бақылау парақшалары (чек-лист) бойынша тексеріліп, жалпы 22 талапқа сай болуы тиіс. Олардың негізгілері:

  • «Тасалану орны» нұсқағыштарын орнату мүмкіндігінің болуы;
  • Үй-жайдың қарапайым тасалану орны ретінде пайдалануға жарамдылығы;
  • Төле биіктігінің кемінде 1,7 метр болуы;
  • Су басу қаупінің болмауы;
  • Тіреуіш (көтергіш) конструкциялардың бүтіндігі мен жарамдылығы;
  • Апатты жағдай белгілерінің болмауы;
  • Темір-бетонды (капиталды) жабылғылардың болуы;
  • Құбырлардан су немесе басқа да сұйықтықтардың ақпауы;
  • Конструкциялардың қирау немесе құлау қаупінің болмауы;
  • Кемінде екі шығу жолының болуы;
  • Эвакуациялау жолдарының бос болуы;
  • Мүмкіндігі шектеулі және қозғалысы шектелген азаматтардың кіріп-шығуына жағдай жасалуы.

Анықтама: Қарапайым тасалану орны — бұл халықты паналатуға бейімделген жер асты үй-жайы, ғимараттың төлесі немесе жер асты қабаты, жер асты автотұрағы, сондай-ақ топыраққа толық көмілген, қоршаушы және тіреуіш құрылыс конструкцияларымен шектелген ғимараттың немесе құрылыстың бір бөлігі. Ол паналаушы азаматтарды әдеттегі зақымдау құралдарының фугастық және жарықшақтық әсерлерінің жанама немесе екінші реттік салдарынан, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының сынықтарынан қорғауға арналған (Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары).

 

 


Мария Мельникова 

0
Оралда бұрынғы есірткіге қарсы басқарманың бастығы Андрей Хлевин қамауға алынды
Оралда бұрынғы есірткіге қарсы басқарманың бастығы Андрей Хлевин қамауға алынды
Clock 21.01.2026 15:25
Батыс Қазақстанда «Ақсай тас жолының» ең көп бұзылған учаскелерінде жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр
Батыс Қазақстанда «Ақсай тас жолының» ең көп бұзылған учаскелерінде жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр
Clock 18.07.2024 14:52
БҚО-да әр төртінші мектепке күрделі жөндеу қажет, ал екі ауылда әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдаланады
БҚО-да әр төртінші мектепке күрделі жөндеу қажет, ал екі ауылда әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдаланады
Clock 23.08.2025 21:16