Some image
БҚО полициясы Жаңақала жолында сегіз адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жасын жариялады
Clock 19.11.2025 12:42
306
0

Еске салайық, 2025 жылдың 17 қарашасы күні шамамен 13:40-та облыстық маңызы бар «Чапай – Жаңақала – Сайқын» автожолының 50-шақырымында «Toyota Camry» және «Volkswagen Sharan» көліктері бетпе-бет соқтығысып, соның салдарынан көліктің бірі өртенген. Оқиға орнында сегіз адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілген.

Жол апатынан бірнеше сағат өткен соң БҚО ПД баспасөз қызметі қаза тапқандар мен жарақат алғандардың жасын хабарлады.

Полиция мәліметінше:

«Volkswagen Sharan» көлігінен ауруханаға жеткізілгендер:

  1. Қыз, 23 жаста
  2. Жігіт, 24 жаста
  3. Кәмелетке толмаған, 2024 жылғы (1 жас)
  4. Кәмелетке толмаған, 13 жаста

Қаза тапқандар («Volkswagen Sharan»):

  1. Жүргізуші, 1972 жылғы (53 жаста)
  2. Жолаушы әйел, 1954 жылғы (71 жаста)
  3. Жолаушы әйел, 1960 жылғы (65 жаста)
  4. Жолаушы ер адам, 1963 жылғы (62 жаста)

«Toyota Camry» көлігіндегі қаза тапқандар:

  1. Жүргізуші, 1999 жылғы (26 жаста)
  2. Қыз, 2005 жылғы (20 жаста)
  3. Әйел, 1985 жылғы (40 жаста)
  4. Ер адам, 1988 жылғы (37 жаста)

Аталған жол апатынан кейін БҚО полициясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
– Кез келген ереже бұзу, әсіресе жолаушыларды тасымалдау кезінде, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді, – деді БҚО ПД.

 

 

 

Талғат Омар

 

0
БҚО-да әр төртінші мектепке күрделі жөндеу қажет, ал екі ауылда әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдаланады
БҚО-да әр төртінші мектепке күрделі жөндеу қажет, ал екі ауылда әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдаланады
Clock 23.08.2025 21:16
Ауруханаға жеткізілген Орал колониясының тұтқыны мекемедегі азаптаулар туралы хабарлады. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық іздестіру департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр (ВИДЕО)
Ауруханаға жеткізілген Орал колониясының тұтқыны мекемедегі азаптаулар туралы хабарлады. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық іздестіру департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр (ВИДЕО)
Clock 25.05.2024 14:46
Оралда қазылар алқасы 4 баланың анасын 16 жылға бас бостандығынан айырды
Оралда қазылар алқасы 4 баланың анасын 16 жылға бас бостандығынан айырды
Clock 10.08.2023 09:07