Some image
Оралда жалғыз тегін жағажай жабылды: билік жұртты жекеменшік аумаққа сілтеп отыр
Clock 21.07.2026 13:11
29
0

Қала әкімдігі мәдениет және демалыс саябағындағы муниципалды жағажайға шомылғысы келетіндерге балама ұсынды – олар дәл осы саябақ аумағында орналасқан «Forest» жекеменшік жағажайына бара алады. Шенеуніктердің сендіруінше, бұл жағажайда да суға тегін түсуге болады. Ал тегін жағажайдың қашан қайта ашылатыны туралы билік нақты жауап бермей отыр.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Халелов «Umarovnews» агенттігіне берген түсініктемесінде аталған жағажай аумағында (шолу дөңгелегі аттракционының артында) балалар мен ересектер үшін суға бару тегін екенін растады.

– Заңнама бойынша кез келген азаматтың су қоймаларына еркін баруына кепілдік берілген. Сондықтан тұрғындар «Forest» жекеменшік демалыс аймағы арқылы Шаған өзеніне еш кедергісіз өтіп, шомыла алады. Дегенмен, жекеменшік демалыс орнының қызметтері – тапшандарды, үрлемелі шеңберлер мен басқа да құрал-жабдықтарды жалға алу ақылы негізде көрсетіледі, – деп түсіндірді Азамат Халелов.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Орал аумағында бұқаралық демалыс, туризм және спортқа арналған барлығы 10 жағажай аймағы бар (оның ішінде тек біреуі ғана муниципалды және тегін).

Шомылу маусымы басталар алдында комиссия тексеріс жүргізіп, тек 8 нысанды ғана пайдалануға дайын деп таныды:

«Евразия» турбазасы;

«Самал» туристік лагері (Шаған өзені);

«Арна» демалыс орны (Желаев карьері);

«Setsailpark» демалыс орны (Шаған өзені);

«Светлячок» турбазасы (Деркөл өзені);

«Grits Park» демалыс орны (Деркөл өзені);

«Forest» (қалалық саябақ, Шаған өзені);

«Шаған» (қалалық саябақ, Шаған өзені).

 

Ал екі нысан пайдалануға жарамсыз деп танылды: Жайық өзеніндегі «Іңкәр» демалыс орны және «Мәдениет және демалыс саябақтары мен гүлзарлар дирекциясы» ШЖҚ МКК теңгеріміндегі қалалық саябақтағы муниципалды жағажай.

Осыған байланысты, дирекция 2026 жылдың мамыр айының басынан бастап муниципалды жағажай аумағын қоршап, демалушылардың суға баруын шектеп тастады.

Жалғыз тегін жағажай қашан ашылады?

Әкімдік әзірге бұл сұраққа нақты жауап берген жоқ.

«Umarovnews» сауалына жолдаған ресми жауапта шенеуніктер тек: «Болашақта жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда, жағалауды абаттандыру және нығайту жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттар әзірленетін болады», — деп шектелді.

 

 

 

Людмила Калашникова 

 

0
БҚО-да әр төртінші мектепке күрделі жөндеу қажет, ал екі ауылда әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдаланады
БҚО-да әр төртінші мектепке күрделі жөндеу қажет, ал екі ауылда әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдаланады
Clock 23.08.2025 21:16
Оралда күрделі жөндеуден кейін №9 мектеп ашылмақ (ВИДЕО)
Оралда күрделі жөндеуден кейін №9 мектеп ашылмақ (ВИДЕО)
Clock 19.02.2025 22:58
Оралда сот Николай Карповты 4 жыл 6 айға үкім шығарды
Оралда сот Николай Карповты 4 жыл 6 айға үкім шығарды
Clock 19.09.2024 17:06