Some image
Оралда жануарлар тегін піштіріліп жатыр (ВИДЕО)
Clock 15.08.2026 12:49
6
0

Оралда еріктілер бес күннен бері мысықтар мен иттерді тегін піштіріп (стерилизация жасап), пішіп жатыр. Бұл — қалада бұрын-соңды болмаған алғашқы бұқаралық акция. Шараны ұйымдастыруға Брижит Бардо қорының мамандары қолғабыс етті. Қазақстандық ветеринарларға күніне ондаған операция жасауға мүмкіндік беретін еуропалық технология үйретілді. Бұл әдіс қысқа мерзімде жүздеген жануарды піштіруге жол ашады, нәтижесінде жануарлар популяциясы шектеліп, қаңғыбас ит пен мысықтың қарасы азаяды.

Қор мамандары қазақстандық ветеринар дәрігерлерге еуропалық стандарт бойынша мысықтар мен иттерді піштіру және пішу әдістемесін үйретті. Операцияның құпиясы — тіліктің шағын жасалуында, бұл процедура уақытын айтарлықтай үнемдейді.

— Мен Брижит Бардо қорының мамандарынан 2020 жылы білім алдым. Содан бері Қазақстан қалаларын аралап, басқа да ерікті дәрігерлермен бірге тегін піштіру акциясын өткізіп келеміз. «Алты жылға жуық уақытта 14 қаланы аралап үлгердік», — дейді Қызылордадан келген ветеринар Надежда Ким.

Оралға ол Петропавл, Самарқанд және Санкт-Петербургтен жиналған ветеринарлар мен зооеріктілер командасымен келді. Шараны мамандар әуелі мысықтар мен аталық мысықтарды піштіруден бастады. Алғашқы төрт күнде процедуралар жекеменшік аумақта жүргізілді. 14 тамыздан бастап Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғимарат бөліп, ветеринарлар иттерді піштіруге кірісті. Алдын ала есеп бойынша 300-ге жуық итке операция жасалады. Дәрігерлер үй жануарларын да, бұралқы жануарларды да қабылдауда.

Жануарды жазылу бойынша да, тірі кезек ретінде де әкелуге болады. Алдымен мамандар жануардың деректерін жазып алып, реттік нөмір береді: мысықтар мен иттердің кезегі бөлек, сондай-ақ ол ұрғашы және еркек деп те ажыратылған. Одан кейін жануар процедура бөлмесінде кезегін күтеді, онда еріктілер наркоз салып, тілінетін жердің жүнін қырады. Содан соң ұйықтатылған жануар операция бөлмесіне жеткізіледі.

Операция бөлмесінде бірнеше үстелде дәрігерлер қатар жұмыс істейді. Бір уақытта үш-төрт операция жасалады. Процедура аяқталған соң, иттер мен мысықтарды операциядан кейінгі блокқа — іс жүзінде жаялық төселген көрші коридорға алып өтеді. Онда жануардың жағдайын бақылап, наркоздан аман-есен шығуына көмектесетін маман жұмыс істейді.

— Мысықтарды бір-біріне жақынырақ жатқызу маңызды, себебі наркозда және одан кейін олардың дене температурасы төмендейді, осылайша олар бір-бірін жылытады. Кейде дене температурасы тым төмендеп кеткенін көрсек, ыстық су құйылған шөлмектерді де пайдаланамыз. Ал иттерде керісінше, дене температурасы көтеріледі, сондықтан олардың әрқайсысын бөлек жатқызамыз, — дейді Петропавлдағы баспана ұйымдастырушысы әрі зооерікті Екатерина Королёва.

Ол әр жануардың дене температурасын бірнеше рет өлшеп, ит немесе мысық оянғаннан кейін, иелеріне тиісті ұсыныстарды айтып, тапсырады.

Барлық ветеринарлар мен еріктілер тегін жұмыс істеп жатыр, Бардо қоры тек операцияға қажетті қымбат препараттар мен материалдарды, сондай-ақ команданың ұшу шығындарын қаржыландырады. Қалғаны — толықтай еріктілер қозғалысы. Содан да болар, ветеринарлар мен еріктілер акция кезінде көмектесуге ниет білдірген жергілікті тұрғындардың қолдауын жоғары бағалайды. Бірақ ұйымдастырушылардың айтуынша, ондай көмекшілер өте аз болып тұр.

 

 

 

Мария Мельникова 

0
«Балалар апатты көпірде жүреді - бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін» (ВИДЕО)
«Балалар апатты көпірде жүреді - бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін» (ВИДЕО)
Clock 29.05.2024 19:29
Оралдағы «бірінші саяжай» ауданындағы үйлердің тұрғындарының әңгімесі, су тасқынынан кейін әкімдік баспана беруден бас тартқан
Оралдағы «бірінші саяжай» ауданындағы үйлердің тұрғындарының әңгімесі, су тасқынынан кейін әкімдік баспана беруден бас тартқан
Clock 13.08.2024 12:43
БҚО-да Круглоозерное ауылының тұрғындары жол, газ мәселесін шешуді және жаңа мектеп салуды талап етуде (ВИДЕО)
БҚО-да Круглоозерное ауылының тұрғындары жол, газ мәселесін шешуді және жаңа мектеп салуды талап етуде (ВИДЕО)
Clock 04.06.2026 00:13