Some image
Оралды түтін басты: қалалық қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Өрт аумағы — 12 гектар
Clock 28.07.2026 13:06
259
1

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше, 2026 жылғы 27 шілдеде күннің аптап ысуынан Зачаганск кентінен 15 шақырым жерде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонында өрт шықты. Жалын 12 гектар аумақты шарпыған.

«Түн бойы оқиға орнында ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың 67 маманы және 36 техникасы жұмыс істеді.

Өрт ошақтарына үздіксіз су құйылып, сөндірілген учаскелер топырақпен көмілуде.

Тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстары әлі де жалғасуда, бүгін тағы 49 техника жұмылдырылды. Жағдай бақылауда», — деп мәлімдеді Орал қаласының әкімдігінен.

Билік өкілдері қала тұрғындарын сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

 

1
«Сұлукөл ауылындағы мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлер неге екі жыл өтпей жатып қирай бастады?» (ВИДЕО)
«Сұлукөл ауылындағы мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлер неге екі жыл өтпей жатып қирай бастады?» (ВИДЕО)
Clock 10.04.2026 15:32
Оралда Шаңырақтағы балалар үйінің түлектері жөндеу жұмыстарынан кейін жатақханаларына оралды (ВИДЕО)
Оралда Шаңырақтағы балалар үйінің түлектері жөндеу жұмыстарынан кейін жатақханаларына оралды (ВИДЕО)
Clock 21.05.2024 10:21
Украинадағы соғысқа азғырып тарту: БҚО соты Орал тұрғынының 8 жылдық мерзімін өзгеріссіз қалдырды
Украинадағы соғысқа азғырып тарту: БҚО соты Орал тұрғынының 8 жылдық мерзімін өзгеріссіз қалдырды
Clock 23.09.2026 19:52