Some image
БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген бұрынғы шенеунік қамауға алынды
Clock 28.02.2026 12:19
239
1

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, бүгін, 2026 жылғы 27 ақпанда, Орал қаласының мамандандырылған тергеу соты Әлібек Жүпуловқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша күдікті мәртебесінде.

Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Еске салайық, осы аптада «Уральская неделя» басылымы БҚО-да шенеуніктің кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Басылым жәбірленушінің әкесінің сөзін келтіріп, оның айтуынша, 3 қаңтар күні 57 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне шақырып, зорлаған. Полицияға арызданғаннан кейін күдікті ұсталған.

«Ол жасаған ісін мойындады, қызым оны таныды. Бірақ полиция оны үйіне жіберді. Ал маған оның тарапынан телефон арқылы қоқан-лоққы жасала бастады», — деді жәбірленуші қыздың әкесі.

Оның айтуынша, Шыңғырлау аудандық полиция бөлімі істі тергеуге құлықсыздық танытып отыр. «Біз — қарапайым адамдармыз, адвокатты да жуырда ғана жалдадық, азын-аулақ ақша жинадық. Оның мүмкіндіктерімен салыстырғанда біз кімбіз? Іс жабылып қала ма деп қорқамын», — деді ол.

Осыдан кейін БҚО полиция департаменті аталған іс бойынша тергеу аясында хат алмасулар мен оқиғаның барлық мән-жайын объективті анықтауға маңызды өзге де материалдар алынғанын хабарлады.

— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында хат алмасулар және объективті тергеу үшін маңызы бар басқа да деректер анықталды. Тергеу кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану фактісін анықтаған жоқ. Мұны жәбірленуші мен оның анасы да растады, олар күдіктіге қатысты қандай да бір шағымдары жоқ екенін айтып, қарым-қатынастың өзара келісім негізінде болғанын мәлімдеді. Күдікті аудандық әкімдік бөлімінің қызметкері болған, арыз түскеннен кейін жұмыстан босатылды. Тергеу жалғасуда, — деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Ал жәбірленушінің әкесі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

25 ақпанда Мәжілісте өткен брифинг барысында журналистер ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтен осы іс туралы сұрады.

— Біз жарияланымдарды көрдік. Облыс прокуратурасымен байланыстамыз. Істі тоқтату туралы процессуалдық шешімнің күші жойылды. Жәбірленуші тараптың барлық уәждері қосымша тергеу барысында қайта тексеріледі. Тексеру нәтижесі бойынша қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылданады. Қазіргі уақытта қызметтік тергеудің қорытындысын күту қажет, — деді Санжар Әділов.

Алайда, 2026 жылғы 27 ақпанда, Әлібек Жүпуловтың екі ай мерзімге қамауға алынғаны белгілі болды. Ол ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі («Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау») бойынша күдікті мәртебесінде.

 

 

 

Талғат Омар 

 

 

 

1
Мас күйінде көзге түскен Батыс Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылды
Мас күйінде көзге түскен Батыс Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылды
Clock 05.09.2024 21:12
БҚО-дағы төтенше жағдай: Бөкей ордасы ауданында «Shacman» тепловозбен соқтығысты. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды (ВИДЕО)
БҚО-дағы төтенше жағдай: Бөкей ордасы ауданында «Shacman» тепловозбен соқтығысты. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды (ВИДЕО)
Clock 23.06.2025 23:54
Орал қаласының келбеті жаңарады: фасадтарды жөндеуге 2,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Орал қаласының келбеті жаңарады: фасадтарды жөндеуге 2,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Clock 13.05.2025 14:07