Some image
Украинада соғысудан бас тартып, Қазақстанға қашқан қалмақ орысы 9 ай бойы босқын мәртебесін ала алмай жүр (ВИДЕО)
Clock 26.12.2023 10:25
309
0

Кеше, 25 желтоқсанда ол Қазақстанның Жоғарғы сотына кассациялық шағым түсірді.

Әңгіме 2023 жылдың наурыз айында Украинамен соғысқа қатыспау үшін Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен 46 жастағы ресейлік Игорь Санджиевтің оқиғасы туралы болып отыр. Қазақстанға келуі – оның соғыс қимылдарына қатысудан қашуға екінші әрекеті. Алғаш рет өткен жылдың қыркүйегінде Белоруссияға қашып, ол жақтан басқа елдерге барғысы келген, бірақ Ресей Федерациясының аумағына қайтарылған. Бірнеше айдан кейін ол қайтадан әскери бөлімнен шығып, Ресей-Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Қазақстандық шекарашылар ұстағаннан кейін Бөкейорда аудандық соты оны шекараны заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танып, 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру және Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы үкім шығарды. Содан бері ол бұл үкімге апелляциялық шағым түсіріп, босқын мәртебесін алуға тырысты, бірақ бәрі нәтиже бермеді.

25 желтоқсанда ол Қазақстанның Жоғарғы сотына кассациялық шағым түсірді.

– Мен Украинаға қарсы агрессияға қатыспау үшін биылғы жылдың наурыз айында Қазақстанға заңсыз келдім, шекарадан өттім. Бөкейорда аудандық соты депортациялаумен алты айға шартты үкім шығарды, бірақ мен осы жылдың сәуір айында босқын мәртебесін беру туралы өтініш бергендіктен, менің депортациям қазіргі уақытта кейінге қалдырылды, деді Игорь Санджиев.

Санджиевтің айтуынша, шекараны заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танылған қылмыстық іс бойынша Батыс Қазақстан соты оны қабылдамады. Ал босқын мәртебесін алудан бас тартуға қарсылық білдіруге тырысқан жағдайда, ол бірнеше инстанциялардан өткен, бірақ барлық жерде бас тартулар алған.

– Ауданаралық әкімшілік сот та, апелляциялық саты да менен бас тартты. Қазір Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына кассациялық шағым түсірдім. Бұл тура мағынада жарты сағат бұрын болған (25 желтоқсан сағат 16.00 – автордың ескертпесі). Астанада әділ шешім шығарылады деп сенемін», - деді Санджиев.

Санджиев жан-жақты көмектескен қамқор жандардың арқасында ғана Қазақстанда 9 ай өмір сүргенін айтты. Бірақ құжаттарының жоқтығынан жұмысқа орналаса алмайды, банк картасын аша алмайды.

«Тіпті үй жалдау қиын», - деп мойындады Санжиев.

Қазақстанда болған 9 ай ішінде Санжиевке тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған Орал орталығында тұруға, тіпті вокзалдарда түнеуге тура келді.

Оның айтуынша, туыстары онымен байланысын тоқтатқан, себебі Ресейде арнайы қызмет оларға қысым көрсетті - олар жауап алуға шақырылады. Қазір Игорь Санджиев шет елдерге сол жерден саяси баспана алу үшін өтініш беріп жатыр, өз отанында оны түрме жазасы күтіп тұр.

 

Талғат Омар

 

0
Оралда адвокат Елена Акатова бір жылдан астам Батыс Қазақстан адвокаттар алқасының қысымына ұшырағанын айтты (ВИДЕО)
Оралда адвокат Елена Акатова бір жылдан астам Батыс Қазақстан адвокаттар алқасының қысымына ұшырағанын айтты (ВИДЕО)
Clock 27.05.2024 21:00
Батыс Қазақстан полиция департаментінің басшысы туыстарымен бірге шетелдегі жылжымайтын мүлік туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)
Батыс Қазақстан полиция департаментінің басшысы туыстарымен бірге шетелдегі жылжымайтын мүлік туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)
Clock 09.09.2023 10:19
Аудан әкімдерінің тұңғыш сайлауы 5 қараша күні: Тасқала, Бөкейорда және Қаратөбе аудандарында өтеді
Аудан әкімдерінің тұңғыш сайлауы 5 қараша күні: Тасқала, Бөкейорда және Қаратөбе аудандарында өтеді
Clock 12.09.2023 17:43