Some image
Оралдағы колония бастығының орынбасары Қайсар Құрмановқа 100 мың теңге пара үшін 2,5 млн теңге айыппұл салынды
Clock 05.08.2026 11:46
386
0

Дүйсенбі, 2026 жылғы 3 тамызда Орал қалалық сотында №27 мекеме бастығының орынбасары Қайсар Құрмановқа қатысты үкім шықты. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 1-бөлігі («Пара алу») бойынша айыпты деп танып, майор шенін айыра отырып, 2,5 миллион теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Айыптау нұсқасы бойынша, Құрманов 100 мың теңге көлемінде пара алған. Сотта айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылдың мамыр айының соңында мекеме бастығының орынбасары қызметін атқарған Құрмановты өз үйінің жанында ҰҚКД-ның БҚО бойынша қызметкерлері ұстаған. Оның жанынан аталған 100 мың теңге табылған. Сол күні жедел уәкілдер орташа қауіпсіздік колониясында (№27 мекеме) тінту жүргізді. Күштік құрылым өкілдерінің нақты не іздегені және бірдеңе таба алған-алмағаны белгісіз. Сотталғандардың расталмаған ақпаратына сүйенсек, ҰҚКД қызметкерлері ұялы телефон іздеген.

Үкімді оқу процесі көрнекі түрде өтті — сотқа БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері арнайы шақырылды. Орал қалалық сотының судьясы Жәнібек Жармұхамбет шешімді хабарлау кезінде Құрмановқа айыппұл салып, шенен айырумен қатар, мемлекеттік қызметте, бақылаушы органдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқаруға өмір бойыға тыйым салынатынын жеткізді.

Сотта үкімнің әлі заңды күшіне енбегені атап өтілді.

 

 

Талгат Умаров 


 

 

0
Оралда су тасқынынан зардап шеккен жүзге жуық отбасы биліктен көмек сұрауды (ВИДЕО)
Оралда су тасқынынан зардап шеккен жүзге жуық отбасы биліктен көмек сұрауды (ВИДЕО)
Clock 09.10.2024 14:42
«Ол судьяның баласы болғандықтан ғана қамауға алынды»
«Ол судьяның баласы болғандықтан ғана қамауға алынды»
Clock 15.04.2024 23:10
Оралда 20 жылдық еңбек өтілі бар сот-медициналық сарапшысы жалған диплом пайдаланды деп күдіктелуде (ВИДЕО)
Оралда 20 жылдық еңбек өтілі бар сот-медициналық сарапшысы жалған диплом пайдаланды деп күдіктелуде (ВИДЕО)
Clock 17.06.2026 21:40