Some image
Кәмелетке толмағанды зорлады деген күдікке ілінген бұрынғы шенеунік Орал қаласындағы ауруханада көз жұмды
Clock 18.03.2026 00:01
540
0

2026 жылғы 11 наурызда күдікті денсаулығының күрт нашарлауына байланысты Орал қаласындағы облыстық көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оған бауырдың уытты зақымдануы, бауыр некрозы, кетоацидозбен асқынған инсулинге тәуелсіз қант диабеті диагноздарын қойған.

2026 жылғы 16 наурызда сағат 18:10-да ер адам есін жимастан қайтыс болды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізілуде.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді», — деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, күдікті ауруханаға Оралдағы тергеу изоляторынан (№74 мекеме) емес, уақытша ұстау изоляторынан жеткізілген.

Сөз 57 жастағы Әлібек Жүпілов туралы болып отыр. Ол бұрын Чингирлау аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2026 жылғы 2 қаңтарда оған қатысты ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша қылмыстық іс тіркелген. 2026 жылғы 27 ақпанда Орал қаласының мамандандырылған тергеу соты оны 2 айға қамауға санкция берген.

 

 

 

Талгат Умаров 

0
БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген бұрынғы шенеунік қамауға алынды
БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген бұрынғы шенеунік қамауға алынды
Clock 28.02.2026 12:19
Оралдың ағаштары мен бұталары 47,5 миллион теңгеге зерттеліп, түгенделеді
Оралдың ағаштары мен бұталары 47,5 миллион теңгеге зерттеліп, түгенделеді
Clock 28.08.2026 18:30
 БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлық дауына байланысты қызметінен босатылды
БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлық дауына байланысты қызметінен босатылды
Clock 06.08.2026 15:06