Some image
БҚО-да Петрово ауылының тұрғындары Рожков кен орнындағы газдың жануын видеоға түсірді (ВИДЕО)
Clock 28.12.2025 23:52
467
0

Бүгін, 2025 жылғы 28 желтоқсанда, сағат шамамен 20:00-де Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Петрово ауылының тұрғындары Рожков кен орнындағы газ ұңғымаларының бірінде шыққан алапат жалынды видеоға түсірді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, әңгіме елді мекеннен 1,6 шақырым жерде орналасқан №10 газ мұнарасы туралы болып отыр.

Дәл бір жыл бұрын, 2024 жылдың желтоқсан айының жиырмасыншы күндері шамасында, Петрово ауылының тұрғындары Рожков кен орнындағы мұнаралардың бірінен шыққан қызыл сәулені де тіркеген болатын. Кейінірек кен орнын игеріп жатқан «Урал Ойл энд Газ» компаниясы бұл жағдайды инцидент деп атаған.

Айта кету керек, Петрово ауылының тұрғындары он жылдан астам уақыт бойы газ өндірілетін Рожков кен орнынан алысқа көшіруді талап етіп келеді. Тұрғындар экологиялық жағдайдың нашарлап бара жатқанын айтып, оның денсаулықтары мен жалпы жағдайларына кері әсерін тигізіп отырғанын алға тартады. Алайда ауылға мемлекеттік экологтар келіп, ауа сынамаларын алған кезде, елді мекен аумағында зиянды заттардың шекті мөлшерден асуы тіркелмегенін мәлімдейді.

Тәуелсіз экологтардың пікірінше, билік жағдайға салғырт қарап, тек бір реттік тексерулермен және талаптарды формалды түрде орындаумен шектеліп отыр. Экоактивистер кен орнын игеруші компания мен жергілікті әкімдіктерді экологиялық ахуалдың нашарлауына қатысты тұрғындардың шағымдарына және көшіру жөніндегі өтініштеріне назар аударуға шақырады. Олардың айтуынша, жаппай улану секілді қайғылы жағдай орын алмай тұрып, нақты шаралар қабылдау қажет.

 

 

 

Талғат Омар

 

0
БҚО-да Теректі ауданының прокуроры Ғалымбек Мұхитов суицид жасады
БҚО-да Теректі ауданының прокуроры Ғалымбек Мұхитов суицид жасады
Clock 08.05.2025 15:00
Оралдағы тергеу изоляторында қамауға алынған тергеуші қайтыс болды
Оралдағы тергеу изоляторында қамауға алынған тергеуші қайтыс болды
Clock 06.12.2023 00:26
Оралда полицейлер самокатпен патрульдеуді бастайды (ВИДЕО)
Оралда полицейлер самокатпен патрульдеуді бастайды (ВИДЕО)
Clock 10.07.2026 13:05