Some image
БҚО-да Теректі ауданының прокуроры Ғалымбек Мұхитов суицид жасады
Clock 08.05.2025 15:00
356
0

7-нен 8 мамырға қараған түні шамамен сағат 00:40-та Теректі (бұрынғы Федоровка) ауылында, өзінің үйінің ауласынан Теректі ауданының прокуроры қызметін атқарған 42 жастағы Ғалымбек Мұхитовтың мәйіті табылды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі келесідей мәлімет берді:

«2025 жылғы 8 мамыр күні үй ауласында аудандық прокуратура қызметкері суицид жасады. Бұл факт ЕРДР-ге тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын БҚО полиция департаменті жүргізіп жатыр. Облыс прокуратурасы болған оқиғаға байланысты көңіл айтады».

Ғалымбек Әлібекұлы Мұхитов 1983 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында дүниеге келген. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Прокуратура органдарына 2006 жылы қабылданып, алғашқы еңбек жолын Бөкей ордасы ауданында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы мен СУ басқармасының прокуроры ретінде бастаған. Кейін Бөкей ордасы ауданының прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Жаңақала ауданы прокурорының көмекшісі, Орал қаласы прокурорының аға көмекшісі, БҚО прокуратурасы басқармасының прокуроры және аға прокуроры, Қазталов ауданы прокурорының орынбасары, Қаратөбе ауданы прокурорының міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.

2016–2020 жылдары Қаратөбе ауданының прокуроры, ал 2020–2024 жылдары Жаңақала ауданының прокуроры болып қызмет етті. 2024 жылғы 4 қыркүйектен бастап Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының прокуроры лауазымына тағайындалған.

Ғалымбек Мұхитов үйленген, екі баласы қалған.

 

 

Талғат Омар

 

 

0
Оралда «трамадол патшасы» Николай Карповтың ісі сотқа берілді (ВИДЕО)
Оралда «трамадол патшасы» Николай Карповтың ісі сотқа берілді (ВИДЕО)
Clock 15.07.2024 15:19
Оралда Нариман Рагуфтың өліміне қатысты іс бойынша судьяның ұлы 7 жыл 6 айға, оның сыбайласы 12 жылға бас бостандығынан айырылды (ВИДЕО)
Оралда Нариман Рагуфтың өліміне қатысты іс бойынша судьяның ұлы 7 жыл 6 айға, оның сыбайласы 12 жылға бас бостандығынан айырылды (ВИДЕО)
Clock 24.04.2024 15:24
Оралда тас төсеу мен ауыстыруға миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады
Оралда тас төсеу мен ауыстыруға миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады
Clock 30.06.2025 09:31