Some image
Орал қаласының орталығындағы қазаға әкелген жол апатынан кейін 20 жастағы жүргізуші қамауға алынды
Clock 08.09.2025 13:25
359
0

Ол полицейлерден қашуға тырысқан.

Күдікті ҚР ҚК-нің екі бабымен тергеліп жатыр: «Автомобильді айдап әкету» және «Абайсызда адам өліміне әкелген ЖҚЕ бұзушылық».

Әңгіме 2025 жылдың 1 қыркүйегінде Оралдағы Назарбаев даңғылында болған апат жайлы. Сол күні полицияға ақ түсті «Renault Logan» автокөлігінің ұрланғаны туралы хабар түскен. Кейін тәртіп сақшылары көліктің жүрген бағытын анықтап, оны орталық көшеде тоқтатуды талап еткен. Алайда «Renault» жүргізушісі полицейлердің талабын елемей, жоғары жылдамдықпен қашып кеткен. Қашу барысында Назарбаев даңғылы мен Карев көшесінің қиылысында ол «Lada Granta» және «Lada Largus» автокөліктерімен соқтығысқан. Соның салдарынан «Lada Granta» жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды.

Апаттан бірнеше күн өткен соң БҚО ПД баспасөз қызметі сол түні ақ түсті «Renault» көлігін 2005 жылы туған азамат жүргізгенін хабарлады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды:

ҚР ҚК 200-бабы, 1-бөлігі – «Автомобильді немесе өзге де көлікті пайдакүнемдік ниетсіз айдап әкету (угон)». Бұл бап бойынша 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі – «Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдайда» – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

БҚО прокуратурасы хабарлағандай, апаттан екі тәуліктен кейін, 2025 жылғы 3 қыркүйекте Орал қаласының тергеу соты «Renault» жүргізушісіне қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

 

 

 

Талғат Омар 

0
Оралда Стелла маңындағы жағалауды күрделі жөндеуге 2 млрд теңге бөлу жоспарлануда
Оралда Стелла маңындағы жағалауды күрделі жөндеуге 2 млрд теңге бөлу жоспарлануда
Clock 21.08.2023 20:28
Оралда 13 жасар қызды зорлады деп айыпталған төрт жасөспірім мен 20 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты
Оралда 13 жасар қызды зорлады деп айыпталған төрт жасөспірім мен 20 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты
Clock 05.06.2024 21:05
Оралда Назарбаев даңғылы бойымен 167 км/сағ жылдамдықпен жүрген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)
Оралда Назарбаев даңғылы бойымен 167 км/сағ жылдамдықпен жүрген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)
Clock 31.07.2025 01:30