Some image
Оралда Назарбаев даңғылы бойымен 167 км/сағ жылдамдықпен жүрген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)
Clock 31.07.2025 01:30
771
0

2025 жылғы 30 шілдеде таңғы сағат 5 шамасында «Toyota Mark» көлігінің жүргізушісі Орал қаласының басты даңғылымен 167 км/сағ жылдамдықпен жүрген.

Жүргізуші бұл әрекетін өзі видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Желі мониторингі барысында полицейлер оны анықтады. Ол – 31 жастағы Орал тұрғыны болып шықты.

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық бұзушыға қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Оның жазасын сот шешеді. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

— Құрметті жүргізушілер! Полиция жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Бейқамдықтың құны — өмір, — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

 

 

Талғат Омар

 

0
Батыс Қазақстанда «Ақсай тас жолының» ең көп бұзылған учаскелерінде жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр
Батыс Қазақстанда «Ақсай тас жолының» ең көп бұзылған учаскелерінде жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр
Clock 18.07.2024 14:52
Орал орталығында емхана корпусын салу үшін скверді отамақшы
Орал орталығында емхана корпусын салу үшін скверді отамақшы
Clock 07.10.2026 09:45
Орал орталығындағы жатақхананың 8-қабатынан секірген студенттің жағдайы ауыр
Орал орталығындағы жатақхананың 8-қабатынан секірген студенттің жағдайы ауыр
Clock 23.10.2023 13:18