Some image
БҚО-дағы төтенше жағдай: Бөкей ордасы ауданында «Shacman» тепловозбен соқтығысты. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды (ВИДЕО)
Clock 23.06.2025 23:54
1073
0

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 23 маусымда сағат 13:30 шамасында Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында өлімге әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сайхин ауылынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан теміржол өткелінде «Shacman» маркалы жүк көлігінің 67 жастағы жүргізушісі пойызға жол бермей, жүк пойызын сүйреп келе жатқан тепловозбен соқтығысқан.

Соқтығысудың салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігіне (Теміржол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен пайдалануы қауіпсіздігі ережелерін бұзу, адам өліміне алып келген жағдайда) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

БҚО ТЖД дерегінше, оқиғадан кейін құрамдар шұғыл түрде Ресей Федерациясы аумағындағы Палласовка қаласына қарай әкетілді. Жалпы 94 вагон тіркелген: олардың 74-і сұйытылған газ тасымалдауға арналған цистерналар болса, қалған 20-сы түрлі жүк тиеген жабық вагондар болған. Алдын ала мәлімет бойынша, сұйытылған газдың төгілуі тіркелмеген, бұл өз кезегінде ықтимал экологиялық және техногендік апаттың алдын алуға мүмкіндік берді.

 

 

Талғат Омар

 

0
БҚО-ның Ақжайық ауданында жергілікті тұрғындар ұшқышсыз ұшу аппаратын тапты
БҚО-ның Ақжайық ауданында жергілікті тұрғындар ұшқышсыз ұшу аппаратын тапты
Clock 25.03.2026 23:47
Оралдағы «Rizyq» дәмханасында 3 адам қаза тапқан жарылысқа қатысты сотталушының адвокаты оқиғаға сол жерде жұмыс істеген қызметкерлерді кінәлады (ВИДЕО)
Оралдағы «Rizyq» дәмханасында 3 адам қаза тапқан жарылысқа қатысты сотталушының адвокаты оқиғаға сол жерде жұмыс істеген қызметкерлерді кінәлады (ВИДЕО)
Clock 25.10.2024 14:38
Орал орталығында емхана корпусын салу үшін скверді отамақшы
Орал орталығында емхана корпусын салу үшін скверді отамақшы
Clock 07.10.2026 09:45