Some image
Орал қаласының келбеті жаңарады: фасадтарды жөндеуге 2,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Clock 13.05.2025 14:07
1251
0

Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары басталды. Қала әкімдігінің ресми ақпаратына сәйкес, бұл жоба қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыруға бағытталған және оған эстетикалық тұтастық бермек.

Қалалық биліктің мәліметінше, Оралда 1715 көпқабатты тұрғын үй бар, олардың 70 пайыздан астамы ХХ ғасырда салынған және қазіргі кезде жаңартуды қажет етеді. 2025 жылы сәулет және қала құрылысы бөлімімен бірлесіп, күрделі жөндеуді қажет ететін 58 тұрғын үй іріктеліп алынды. Бұл үйлер қаланың басты магистральдарында орналасқан: Оралдың бас даңғылы, Абай, Әбілқайыр хан даңғылдары, сондай-ақ Юрий Гагарин және Сырым Датұлы көшелері.

Жобаны жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен 2 миллиард 154 миллион теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын 14 мердігер ұйым атқаруда. Жұмыстардың аяқталу мерзімі — 2 ай. Қала әкімдігінің нақтылауынша, тек қана қасбеттерді сырлау ғана емес, бұл қаражатқа панельаралық жіктерді тығыздау, отмостка салу, терезе маңдайшаларын әрлеу және балкондарды қаптау жұмыстары да кіреді.

Айта кету керек, тұрғындардың басым бөлігі үй фасадтарының сырлануын оң қабылдап отыр. Алайда бір мәселе туындауда: жөндеу барысында жұмысшылар пәтер иелері өз қаражатына орнатқан сыртқы қабырғалардағы жылытқыш материалдарды шешіп тастауда. Бұл тұрғындардың қатты наразылығын тудырып отыр. Әлеуметтік желілерде мұндай пәтер иелері қала билігіне жылытқыштарды бұзбауды сұрап, өтініш жасауда.

 

 

Талғат Омар

 

0
Неліктен Орал қаласының депутаттары Набережная ауданындағы құны 600 миллион теңгеге жуық бағаланған жерді айырбастауға әкімдікке бірауыздан бас тартты?
Неліктен Орал қаласының депутаттары Набережная ауданындағы құны 600 миллион теңгеге жуық бағаланған жерді айырбастауға әкімдікке бірауыздан бас тартты?
Clock 26.01.2025 20:53
Батыс Қазақстан облысының билігі Орал маңындағы құс фабрикасында болған аурудан 100 мыңнан астам балапанның жойылу жай-жапсарын жасырып отыр
Батыс Қазақстан облысының билігі Орал маңындағы құс фабрикасында болған аурудан 100 мыңнан астам балапанның жойылу жай-жапсарын жасырып отыр
Clock 16.01.2025 19:52
 Оралда Зачаган кентіндегі тергеу изоляторын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда
Оралда Зачаган кентіндегі тергеу изоляторын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда
Clock 24.01.2026 00:54