Some image
БҚО әкімінің жалақысы 2 млн, ал орынбасарлары айына бір миллион алады
Clock 02.08.2023 11:07
2829
0

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің жалақысы 1 миллион 947 мың теңгені құрайды. Облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының алатын ақшалары орташа есеппен миллион теңгеге жуық. Нақтырақ айтсақ, БҚО әкімінің аппараты Ержан Балтаев - 1 миллион 172 мың теңге, Тілепберген Қаюпов - 1 миллион 72 мың теңге, Бақытжан Нарымбетов - 1 миллион 9 мың теңге, ал аппарат басшысы Нұрділдә Ораз - 1 миллион 104 мың теңге көлемінде жалақы алады. - Бұл сомалар барлық салықтарды ұстағаннан кейінгі таза есептеулер болып табылады, - деп нақтылады БҚО әкімінің аппаратында. Айта кетейік, БҚО әкімі мен оның орынбасарларының жалақысы туралы ақпарат жалпыға қолжетімді облыс әкімдігінің сайтында жарияланған. Қазақстанда сала бойынша ең жоғары орташа жалақыны тау-кен өнеркәсібі саласының қызметкерлері алады – 766 555 теңге. Екінші орында 602 114 теңге көрсеткішпен қаржы және сақтандыру секторы, үшінші орында 541 218 теңгемен ақпарат және байланыс секторы тұр. Ең төменгі жалақы сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу салаларында – 201 884 теңге, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 179 388 теңгені құрады.

 

 

Талгат Умаров

0
Оралда депутат Назарбаев даңғылының атауын бұрынғы «Достық-Дружба» деп өзгертуді ұсынды
Оралда депутат Назарбаев даңғылының атауын бұрынғы «Достық-Дружба» деп өзгертуді ұсынды
Clock 11.08.2023 15:59
 БҚО әкімінің орынбасары Ержан Балтаевқа 8 млн 625 мың теңге айыппұл салынды.
БҚО әкімінің орынбасары Ержан Балтаевқа 8 млн 625 мың теңге айыппұл салынды.
Clock 16.08.2023 20:33
Шетелдік инвестициясыз Оралдағы «Зенит» зауыты жабыла ма? (ВИДЕО)
Шетелдік инвестициясыз Оралдағы «Зенит» зауыты жабыла ма? (ВИДЕО)
Clock 23.12.2023 02:01