Some image
Оралда депутат Назарбаев даңғылының атауын бұрынғы «Достық-Дружба» деп өзгертуді ұсынды
Clock 11.08.2023 15:59
2582
0

Бүгін, 11 тамызда қалалық мәслихаттың сессиясында депутат Мұсқат Айсаутов Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа Орал қаласының бас көшесін Назарбаев даңғылынан бұрынғы атауын Достық-Дружба деп өзгерту туралы ұсыныспен жүгінді.

Айсаутовтың айтуынша, ол мұндай ұсыныспен қала әкіміне депутаттық сауал жолдағанымен, әлі жауап алмаған. Айсаутовтың бастамасын көптеген депутаттар қолдады – олар депутат Айсаутовтың ұжымдық үндеуіне қол қоюға кірісті.

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов жауап берілетінін айтып, бұл мәселені облыстық мәслихат депутаттары шешуі керектігін айтты.

Еске салайық, қазір Назарбаев даңғылы әртүрлі уақытта бірнеше атауларға ие болды, олардың ішінде: Үлкен Михайловская көшесі, Советская көшесі, Сталин көшесі, Ленин көшесі, Ленин даңғылы, Достық-Дружба даңғылы. Орал даңғылы соңғы рет 2019 жылы Назарбаев даңғылы болып өзгертілді.

 

umarovnews.kz

 

0
Орал қаласының архитекторы пара алды деген күдікке ілінді
Орал қаласының архитекторы пара алды деген күдікке ілінді
Clock 11.04.2024 20:21
Оралда «Аманат» партиясының ғимаратында күзетшінің үстелінің астындағы тамақ салынған қаптарды видеоға түсірген қоғам белсендісі қамауға алынды (ВИДЕО)
Оралда «Аманат» партиясының ғимаратында күзетшінің үстелінің астындағы тамақ салынған қаптарды видеоға түсірген қоғам белсендісі қамауға алынды (ВИДЕО)
Clock 11.04.2024 00:11
Заместителя акима ЗКО подозревают в коррупции. По информации антикора, Ержан Балтаев уже признал свою вину
Заместителя акима ЗКО подозревают в коррупции. По информации антикора, Ержан Балтаев уже признал свою вину
Clock 08.08.2023 10:25