Some image
Орал әкімдігі солып қалған өтемақылық ағаштардың есебін жүргізбейді: отырғызылған 2,7 мың көшеттің басым бөлігінің тағдыры белгісіз
Clock 16.09.2026 09:53
22
0

2024–2026 жылдары Оралда берілген рұқсаттарға сәйкес, оталған ағаштардың орнына 2740 көшет отырғызылуы тиіс. Олардың қаншасы бүгінде отырғызылғанын әкімдік хабарламады. Қаншасы қурап қалғаны да белгісіз: қала билігі солып қалған және қайта ауыстырылған ағаштардың жиынтық есебін жүргізпейді. Соған қарамастан, шенеуніктер өтемақылық отырғызу жұмыстарының орындалуын бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдейді.

Өтемақылық отырғызу тақырыбы «Ақжайық» шағынауданын Оралдың ескі бөлігімен жалғайтын Шаған өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысына байланысты қайтадан жұртшылық назарын аударды. Бұған дейін қоғам белсенділері Шаған өзенінің жайылмасындағы ағаштардың оталуын ғана емес, өтемақылық міндеттемелердің қалай орындалатынын да жіті қадағалауға ниетті екендіктерін білдірген еді. Батыс Қазақстан облысы Экологиялық кеңесінің мүшесі Дархан Сариевтің айтуынша, Зачаганскідегі қараусыз қалған тәлімбақта бұған дейін отырғызылған өтемақылық көшеттердің бір бөлігі қурап, өртеніп кеткен. Бұл жағдай қоғамда алаңдаушылық туғызды. Umarovnews тілшілері Оралда өтемақылық отырғызу қалай бақыланатынын: қанша ағаш отырғызылғанын, қаншасы курап қалғанын және оларды қайта ауыстыруға кім жауапты екенін анықтап көрді.

Үш жылда – ағаш отауға 13 рұқсат Орал әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің ақпараты бойынша, 2024 жылы қалада жасыл желектерді отауға төрт рұқсат, 2025 жылы – үш, ал 2026 жылы алты рұқсат берілген. Бұл құжаттарға сәйкес кем дегенде 159 ағашты отауға рұқсат етілген:

  • 2024 жылы – 35;
  • 2025 жылы – 55;
  • 2026 жылы бес рұқсат бойынша – 69 ағаш. Дегенмен, билік өкілдері рұқсат алудың өзі онда көрсетілген ағаштардың барлығы міндетті түрде оталды дегенді білдірмейтінін баса айтты.

Көпір құрылысы кезінде 1150 ағаш шабылып, 11 500 көшет отырғызылады Әкімдік «Ақжайық» шағынауданы аумағындағы жаңа көпірдің құрылысына байланысты берілген рұқсатты бөлек атап өтті. Бұған дейін құрылыс бөлімі экобелсенділерге құжатты көрсеткен болатын, онда көпір құрылысын жүргізуші мердігерге Шаған жайылмасында 1150 ағашты отауға рұқсат берілгені көрсетілген. Сондай-ақ, шенеуніктер оның орнына кем дегенде 11 500 көшет отырғызылатынын мәлімдеді. Қала әкімдігі жоба бойынша жұмыстардың жаңадан басталғанын және бүгінгі таңда жобада қарастырылған ағаштардың барлығы бірдей оталмағанын атап өтті. Өтемақылық отырғызу тек нақты оталған ағаштар үшін жүзеге асырылады, сондықтан бұл кезеңде әлі оталмаған ағаштар үшін көшет отырғызу жүргізілмейді.

Колданыстағы ережелерге сәйкес, өтемақылық отырғызу оталған жасыл желектер санынан он есе артық мөлшерде жүргізіледі. 2024–2026 жылдарға әкімдік ұсынған рұқсаттарға сәйкес, жалпы жиынтығы 2740 ағаш отырғызу көзделген. Атап айтқанда, 2024 жылы оталған ағаштар үшін өтемақы 350 жас көшетті құрады, 2025 жылы – 550, ал 2026 жылы жауапта аталған нысандар бойынша – 1840 көшет.

Әкімдік 2024 жылы ағаш отауға рұқсаттардың мына мекенжайлар бойынша берілгенін хабарлады:

  • Т. Масин көшесі, 115 және О. Исаев көшесі, 32 – 2 ағаш оталды, өтемақылық отырғызу – 20;
  • Сарайшық көшесі, 54 – 6 ағаш, өтемақы – 60;
  • Мұхит көшесі, 110 – 2 ағаш, өтемақы – 20;
  • «Ақжайық» шағынауданы – 25 ағаш, өтемақы – 250.

2025 жылы биліктің рұқсатымен мына мекенжайларда ағаштар оталды:

  • М. Мәметова көшесі, 44 – 8 ағаш, өтемақы – 80;
  • Х. Есенжанов көшесі, 45 – 30 ағаш, өтемақы – 300;
  • Абай даңғылы, 53/1 – 17 ағаш, өтемақы – 170.

2026 жылы қалада қандай да бір нысандарды салу кезінде оталған ағаштар:

  • Х. Есенжанов көшесі, 42/4 – 4 ағаш, өтемақы – 40;
  • Шолохов көшесі, 2/8 – 25 ағаш, өтемақы – 250;
  • Самал көшесі, 37 – 23 ағаш, өтемақы – 230;
  • Жуков көшесі, 14 – 5 ағаш, өтемақы – 50;
  • Сарайшық көшесі, 129 – 12 ағаш, өтемақы – 120.
  • Зачаганск кентінің «Ақжайық» шағынауданындағы жаңа көпір құрылысы – 1 150 ағашты өтемақы ретінде отырғызу көзделген.

Қанша ағаш отырғызылып қойды? Қала әкімдігінің жауабында бұл сұраққа қатысты нақты нақты сандық дерек келтірілмеген. Билік өкілдері кейбір рұқсаттар бойынша өтемақылық отырғызу жұмыстары толық немесе ішінара орындалғанын хабарлады. Қалған міндеттемелер орындалу сатысында. Бұл ретте мерзімдер нақты рұқсат пен кепілдеме хатқа байланысты. 2026 жылы берілген кейбір рұқсаттар бойынша отырғызу жұмыстары 2026 жылдың өзінде аяқталуы тиіс болса, басқалары бойынша – 2027 жылы аяқталуы керек.

Қанша ағаштың курап қалғаны да белгісіз Қала билігі қурап қалған өтемақылық ағаштардың жалпы санын нақты көрсете алмайды. Әкімдік отырғызылған көшеттердің жерсінбей, қурап қалу жағдайлары болғанын мойындайды. Дегенмен, 2024–2026 жылдардағы қурап қалған өтемақылық ағаштардың бөлек жиынтық статистикалық есебі жүргізілмейді.

Қурап қалған ағаштардың қаншасы ауыстырылды? Қала әкімдігі өтемақылық отырғызылған ағаштардың ішінен қурап қалғандарының қаншасы кейіннен қайта ауыстырылғаны туралы да бөлек жиынтық есеп жүргізбейтінін айтып жауап берді. Десе де, қайта ауыстыру механизмі бар. Егер өтемақы аясында отырғызылған ағаш жерсінбей қалса же қурап кетсе, оны қайта отырғызуды ағашты отауға рұқсат алып, өтемақылық көшеттерді отырғызған тұлға қамтамасыз етуі тиіс. Ол бұл жұмыстарды өз есебінен жүргізуі керек. Сонымен қатар, қала әкімдігінің ақпараты бойынша, дәл осы тұлға отырғызылған ағаштардың кейінгі күтіміне де жауапты болады.

 

 

 

Людмила Калашникова 

0
БҚО-да әр төртінші мектепке күрделі жөндеу қажет, ал екі ауылда әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдаланады
БҚО-да әр төртінші мектепке күрделі жөндеу қажет, ал екі ауылда әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдаланады
Clock 23.08.2025 21:16
 Оралда Зачаган кентіндегі тергеу изоляторын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда
Оралда Зачаган кентіндегі тергеу изоляторын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда
Clock 24.01.2026 00:54
Оралда жалғыз тегін жағажай жабылды: билік жұртты жекеменшік аумаққа сілтеп отыр
Оралда жалғыз тегін жағажай жабылды: билік жұртты жекеменшік аумаққа сілтеп отыр
Clock 21.07.2026 13:11