Some image
Оралыда ауыр дертке шалдыққан ұлын жалғыз бағып отырған ана қызының оқу ақысын төлеуге көмек сұрайды (ВИДЕО)
Clock 19.08.2026 11:25
19
0

Елена Астафьева жұмыс істей алмайды – 20 жастағы ұлы Ваня толығымен соның қарауында. Кезінде оған науқас баласын интернатқа тапсыруды ұсынған, бірақ ол бас тартып, сонша жылдан бері оны өзі арқалап жүр, тамақтандырып, күтіп бағуда. Енді бұл отбасыға қызы үшін көмек қажет: Наташа мектепті тек "беске" аяқтап, ҰБТ-дан 99 балл жинағанымен, грантқа түсе алмады. Ол таңдаған жоғары оқу орнында оқу құны жылына 680 мың теңгені құрайды.

Елена Астафьева – жалғызбасты ана, бір ұл, бір қыз өсіріп отыр. Үлкен ұлы Ваняның орталық жүйке жүйесі ауыр зақымданған, аралас тетрапарез және эпилепсия дертіне шалдыққан. Ол өздігінен отыра алмайды, басын ұстай алмайды, сөйлемейді. Бұлшықеттері үнемі тартылып тұрады, содан қатты ауырсыну мен құрысу ұстап, жиі айқайлайды. Ваня қазір 20 жаста. Соған қарамастан, анасы оны әлі күнге дейін көтеріп жүреді, қасықпен тамақтандырып, ваннаға шомылдырады. Анасы баласына қол-аяқ болып отыр. Кезінде әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері оған: "Кушумдағы интернатқа өткізіп, өзіңізді қинамаңыз" деп тура айтқан. Бірақ ол қимады.

Кезінде күйеуі екеуі Теректі ауданының Төңкеріс ауылында тұрған, екеуі де мектепте жұмыс істеген.

"Баламыз ауру болған соң, күйеуім екеуміз айырылысып кеттік, – дейді әйел бұрынғы жұбайының сатқындығы туралы сабырмен. – Ол кетіп қалды, қазір басқа отбасы бар".

Ұлын емдету үшін Елена Оралға көшуге тәуекел етті. Әйелдің ата-анасы пәтер сатып алуға көмектесті. Қалаға келген соң кенже қызы Наташа №25 мектептің бірінші сыныбына барды.

Елена Ваняны массаж сеанстарына, "Бәйтерек" орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шараларға тасымалдай бастады. Күн сайын сонда барып, емдік дене шынықтыру, массаж курстарын алды.

Ваня 101 мың теңге көлемінде зейнетақы алады, сонымен қатар Елена бала күтімі бойынша мемлекеттен 80 мың теңгеден сәл асатын жәрдемақы алады. Бұрынғы күйеуі 51 мың теңге алимент төлейді. Қазір ол денсаулығында кінәрат бар екенін және екінші некесінен қыз өсіріп отырғанын айтып, алимент мөлшерін азайту туралы сотқа талап-арыз берген.

Кенже қызы Наташа биыл 11-сыныпты аяқтады. Бойжеткен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болуды армандайды.

"Қызым отбасымыздың материалдық жағдайы ауыр екенін жақсы түсінеді. Сондықтан көп әрі тынымсыз оқыды. Мектепті үздік аттестатпен, кілең пәндерден "бес" алып бітірді. Мектептің үздік оқушысы ретінде "Медет" демеушілік бағдарламасы бойынша оны "Достық" орталығына оқу курстарына жіберді, ол онда бір жыл бойы білім алды. Грантқа түсеміз деген үлкен үміт болды, бірақ бір сәтте бәрі күйреп түсті", – дейді Елена Астафьева.

Астафьевтер филология факультетінің шетел тілдері бөліміне құжат тапсырды. ҰБТ-да Наташа 99 балл жинады, бірақ бұл балл бойжеткеннің грантқа түсуіне жетпей қалды.

"Оның қаншалықты түңілгенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол маған: "Неге бұлай? Не үшін жақсы оқу керек еді?!" – деп сұрайды", – дейді көзіне жас алған ана.

Наташаның оқуы үшін жылына 680 мың теңге төлеу керек. Отбасы үшін ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған.

Оқу ақысын төлеуге әкесі көмектесе ала ма? Елена бұрынғы жұбайының Ваняны сызып тастағанына көп болғанын түсіндіреді. Ал Наташаны соңғы рет осыдан бірнеше жыл бұрын көрген. Кейде қызына мерекелерде WhatsApp арқылы ашықхаттар жіберіп тұрады.

"Бұл біз үшін көтере алмайтын сумма. Наташаны оқуға қабылдауы үшін қазір бастапқы жарнаны төледік. Ал әрі қарай не болады?" – деп Елена өзін іштей жегідей жеген сұрақты дауыстап қояды. Бірақ жауабын өзі де білмейді.

Ол ата-анасының көзі тірісінде жеңілірек болғанын айтады. Олар қызына да, немерелеріне де материалдық әрі моральдық тұрғыдан көмектескен. Ал қазір олар жоқ, әйелге көмектесетін ешкім қалмады.

"Мен қызымның арманы орындалғанын қатты қалаймын. Өзі таңдаған оқу орнында оқыса деймін. Қазір оның еңсесі түсіп кеткен, алға ұмтылуға ықыласым калмады дейді. Ол ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғысы келеді. Мегің анам мұғалім болып жұмыс істеді, өзім де мұғалім болдым, қызым да ағылшын тілі мұғалімі болғысы келеді. Ол осыған табанды түрде дайындалды.

Алда Наташаны 4 жылдық оқу күтіп тұр. Жылына 680 мың теңге төлеу қажет. Сіз Елена Астафьеваға қаржылай қолдау көрсетіп, қызының М.Өтемісов атындағы БҚУ-да білім алуына көмектесе аласыз.

+7 777 180 15 87 – Еленаның телефон нөмірі, Kaspi bank картасы тіркелген. Kaspi bank картасының нөмірі: 4400 4303 7408 5089 (Елена Астафьева).

 

 

 

Люмила Калашникова 

0
Орал тұрғыны аңшы ұлының су қоймасында өз кінәсінен қайтыс болғанына сенбейді (ВИДЕО)
Орал тұрғыны аңшы ұлының су қоймасында өз кінәсінен қайтыс болғанына сенбейді (ВИДЕО)
Clock 29.09.2023 22:30
Ақсай қаласындағы төрт кәсіпкерді заңды түрде сатып алған бизнес нысандарынан айыруда (ВИДЕО)
Ақсай қаласындағы төрт кәсіпкерді заңды түрде сатып алған бизнес нысандарынан айыруда (ВИДЕО)
Clock 22.01.2025 22:39
Оралда жәбірленуші сотталушыны кешірген қылмыстық іс бойынша сот сотталушыны нақты 5 жылға бас бостандығынан айырды (ВИДЕО)
Оралда жәбірленуші сотталушыны кешірген қылмыстық іс бойынша сот сотталушыны нақты 5 жылға бас бостандығынан айырды (ВИДЕО)
Clock 07.08.2024 10:13