Some image
Оралдың орталығында зейнеткер аштық жариялады
Clock 07.07.2026 15:40
101
1

Орал қаласының орталығындағы Абай атындағы бас алаңда 62 жастағы зейнеткер Бекболат Өтебаев аштық жариялап отыр. Ер адам бейбіт митингілер мен пикеттер өткізу құқығын талап етуде.

Сейсенбі, 7 шілде күні Орал қаласы әкімдігінің алдындағы Абай алаңында қала тұрғыны аштық акциясын ұйымдастырды. Бекболат Өтебаев бейбіт пикеттер мен митингілер өткізуге кедергісіз рұқсат берілуін талап етіп, наразылық шарасын бастады. Зейнеткер осындай жазуы бар плакатты алдына жайып қойған. Ал екінші транспарантта азық-түлік пен коммуналдық қызметтер бағасының өсуін тоқтату туралы талап қойылған.

«Umarovnews» редакциясына белгілі болғандай, Бекболат Өтебаевқа әкімдік қызметкерлері мен полицейлер келіп жолыққан. Билік өкілдерімен сөйлескеннен кейін де зейнеткер өзі жариялаған аштық акциясын одан ары жалғастырды.

Бұған дейін Бекболат Өтебаев әлеуметтік желілерде әлеуметтік мәселелерге қатысты бейбіт наразылық акцияларын өткізу үшін бірнеше рет ескерту-өтініш жолдағанын, бірақ әр кез бас тартылғанын хабарлаған болатын. Кейбір жағдайларда бас тартуға құжаттардың дұрыс толтырылмауы себеп болса, басқа жағдайларда митинг өткізетін орынның жоқтығы уәж етілген.

Еске сала кетейік, 2020 жылдан бастап Қазақстанда бейбіт наразылық акцияларын өткізудің ескерту қағидаты (принципі) қолданылады. Митингіге шығушылар шара өтетін күнге дейін бес күн бұрын ескерту-өтініш беріп, акция өтетін орынды көрсетуі тиіс. Айта кету керек, әр қалада митинг өткізуге арналған арнайы орындардың тізімі бекітілген және олардың саны шектеулі.

 

 

Мария Мельникова

 

 

1
Батыс Қазақстанда «Ақсай тас жолының» ең көп бұзылған учаскелерінде жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр
Батыс Қазақстанда «Ақсай тас жолының» ең көп бұзылған учаскелерінде жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр
Clock 18.07.2024 14:52
Оралда мұғалімді өлтіру ісі бойынша сотталушы 12 жылға бас бостандығынан айырылды
Оралда мұғалімді өлтіру ісі бойынша сотталушы 12 жылға бас бостандығынан айырылды
Clock 30.09.2024 12:16
Оралдық адвокат ЗКО облыстық сотының судьясына қатысты Президент әкімшілігіне шағым берді
Оралдық адвокат ЗКО облыстық сотының судьясына қатысты Президент әкімшілігіне шағым берді
Clock 26.11.2025 18:44