Some image
«Талап» АҚ қорықшы Эдуард Победимовтың мәйітіне сараптама жасалған күні тоңазытқыштардың бұзылғанын жоққа шығарды
Clock 04.07.2026 13:03
29
1

2026 жылғы 3 шілдеде, қаза тапқан қорықшы Эдуард Победимовтың әкесінің адвокаты «Талап» АҚ-дан ресми жауап алды. Құжатта компания мамандарының 2023 жылғы 7 тамызда мәйітханадағы тоңазытқыш агрегаттарын жөндемегені көрсетілген. Айта кетейік, дәл сол күні сарапшы Марат Жонысов марқұмның денесін тексерген болатын. Осыдан екі апта бұрын, 17 маусымда өткен баспасөз мәслихатында Жонысов мәйіттен жарақаттарды анықтамауының бір себебі ретінде Сот сараптамасы орталығының мәйітханасында тоңазытқыштардың жұмыс істемегенін алға тартқан еді. Сарапшы бұл уәжін атқарылған жұмыс актілерімен дәлелдей алатынын мәлімдеген.

Әңгіме 2023 жылғы 4 тамызда «Квант» ЖШС аңшылық-балық шаруашылығына қарасты Дөңгелек су қоймасында болған қайғылы жағдай туралы болып отыр. Сол күні кешке 31 жастағы қорықшы Эдуард Победимов катермен базадан үш шақырым жердегі нүктеге қарай шыққан. Сағат 22:00-де ол әріптесіне хабарласып, катерінің сөніп қалғанын және көмек қажет екенін айтқан, содан кейін жұбайы мен досына қоңырау шалған. Осыдан кейін байланыс үзіліп, суда тек катердің өзі ғана қалған.

Оның денесі арада бір жарым тәулік өткенде, 6 тамыз күні таңертең табылды. Мәиітті судан сүңгуірлер шығарып, полиция тексергеннен кейін сараптама жасау үшін Орал қаласына жіберген. 7 тамызда сот-медициналық сарапшысы Марат Жонысов сараптама жүргізуге кіріседі. Өз қорытындысында сарапшы мәйіттен ешқандай дене жарақаты табылмағанын жазған.

Марқұмның әкесі Алексей Победимов бұл қорытындымен келіспеді. Өйткені ол ұлының денесін судан алып шыққан кезде-ақ жарақаттарды өз көзімен көрген. Әкесі табандылық танытып, мәйітті эксгумациялағаннан кейін астаналық сарапшылардың қатысуымен қайтадан кешенді сараптама жүргізілуіне қол жеткізді. Қайталанған сараптама нәтижесінде көптеген жарақаттар, соның ішінде тоғыз қабырғаның сынуы, сол қолдың бас бармағының сынуы және иек аймағының сырылуы анықталды.

Бұл жағдайлар қылмыстық іс қозғауға негіз болып, іс Орал қалалық сотында қаралды. 2026 жылғы 23 сәуірде сот сот-медициналық сарапшысы Марат Жонысовты ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы («Сарапшының көрнеу жалған қорытынды беруі») бойынша кінәлі деп танып, оны 3 жыл 2 ай 12 күнге бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

2026 жылғы 17 маусымда Марат Жонысов, оның адвокаттары мен сарапшы әріптестері баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Марат Жонысов мәйіттен жарақаттарды анықтамауының бір себебі — мәйітханада тоңазытқыштардың жұмыс істемеуінен екенін айтты. Ол бұған «Талап» АҚ мамандары жүргізген атқарылған жұмыс актілері дәлел бола алатынын алға тартты.

Алайда бүгін, 2026 жылғы 3 шілдеде, Алексей Победимовтың адвокаты Руслан Шагатаевқа «Талап» АҚ-дан жауап келді. Құжатта компания мамандары Эдуард Победимовтың денесі мәйітханада болған 7 тамызда ғана емес, жалпы 2023 жылдың тамыз айы бойы ол жерде ешқандай жөндеу жұмыстарын жүргізбегені нақты көрсетілген.

 

 

 

Талгат Умаров

 

1
Батыс Қазақстанда судья 63 миллион теңгеден астам несиеге байланысты сотқа тартылды
Батыс Қазақстанда судья 63 миллион теңгеден астам несиеге байланысты сотқа тартылды
Clock 04.12.2024 20:42
БҚО-да өрттен қаза тапқан балалардың ең кішісі бір жасқа да толмаған (ВИДЕО)
БҚО-да өрттен қаза тапқан балалардың ең кішісі бір жасқа да толмаған (ВИДЕО)
Clock 05.06.2025 15:25
Оралда әйел кеуде тұсынан екі рет пышақ жарақатын алған ұлын емдеудегі қателіктер үшін дәрігерлерді айыптады (ВИДЕО)
Оралда әйел кеуде тұсынан екі рет пышақ жарақатын алған ұлын емдеудегі қателіктер үшін дәрігерлерді айыптады (ВИДЕО)
Clock 22.05.2024 11:38