Some image
БҚО-да әр төртінші мектепке күрделі жөндеу қажет, ал екі ауылда әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдаланады
Clock 23.08.2025 21:16
681
0

2025 жылдың 1 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысында 379 мектептің есігі ашылады. Соның 86-сына күрделі жөндеу жүргізу қажет — бұл жалпы санның ширегіне жуық.
Өңірде сонымен қатар орын тапшылығы мәселесі де сақталып отыр: тоғыз мектепте балалар үш ауысымда оқиды. Оның төртеуі — Орал қаласында, бесеуі — ауылдарда орналасқан.

Дегенмен, 2025 жылы облыста жаңа білім нысандары да ашылды: Теректі ауданы Подстепное ауылында 1200 орындық мектеп және Орал қаласының «Балауса» шағын ауданында 1500 орындық №52 мектеп пайдалануға берілді. Бірақ мұндай мысалдар әзірге жалпы жағдайды өзгерте қойған жоқ.

БҚО-да әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдалануға мәжбүр мектептер бар. Екі мектеп те Теректі ауданында орналасқан — Шалқар және Алғабас ауылдарында.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, барлық 86 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 92,2 миллиард теңге қажет.

 

 

Талғат Омар

 

0
Оралда қала орталығындағы тергеу изоляторы қауіпті деп танылды
Оралда қала орталығындағы тергеу изоляторы қауіпті деп танылды
Clock 26.09.2024 13:34
Оралда сот қоғам белсендісі Аслан Өтеповтің жазасын жеңілдетуден бас тартты (ВИДЕО)
Оралда сот қоғам белсендісі Аслан Өтеповтің жазасын жеңілдетуден бас тартты (ВИДЕО)
Clock 03.09.2026 10:43
Оралда қазылар алқасы 4 баланың анасын 16 жылға бас бостандығынан айырды
Оралда қазылар алқасы 4 баланың анасын 16 жылға бас бостандығынан айырды
Clock 10.08.2023 09:07