Some image
БҚО-да өрттен қаза тапқан балалардың ең кішісі бір жасқа да толмаған (ВИДЕО)
Clock 05.06.2025 15:25
1388
0

Жымпиты ауылындағы өртенген үйден қаза тапқандар – бір отбасының бес ұлы болып шықты. Ең үлкені 2019 жылдың 22 шілдесінде туған (биыл 6 жасқа толар еді), ал ең кішісі 2024 жылдың 29 қыркүйегінде туған (бір жасқа да толмаған).

Бұл – 2025 жылғы 4 маусым күні Сырым ауданының Жымпиты ауылында орын алған қайғылы оқиға. Жекеменшік үйде өрт шығып, үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар жанған. Өрт болған кезде үй ішінде бес бала болған. Олардың барлығы ес-түссіз күйде көмірқышқыл газынан улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бар күшін салғанымен, өкінішке қарай, бес баланың да өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Өрт шыққан үйді бұл көп балалы отбасы жалдап тұрған. Қайғылы жағдайдан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі отбасыға баспана мәселесінде көмек көрсетілетінін хабарлады.

 

 

Талғат Омар

 

 

0
Пугачёво ауылында Украинадағы соғыста қаза тапқан БҚО тумасын жерледі
Пугачёво ауылында Украинадағы соғыста қаза тапқан БҚО тумасын жерледі
Clock 09.12.2025 17:23
Оралда жәбірленуші сотталушыны кешірген қылмыстық іс бойынша сот сотталушыны нақты 5 жылға бас бостандығынан айырды (ВИДЕО)
Оралда жәбірленуші сотталушыны кешірген қылмыстық іс бойынша сот сотталушыны нақты 5 жылға бас бостандығынан айырды (ВИДЕО)
Clock 07.08.2024 10:13
Батыс Қазақстан апелляциялық соты пәк болып шыққан 13 жасар қызды топтасып зорлады деп айыпталған үш жасөспірімнің әрқайсысына бір айға бас бостандығынан айыру жазасын қосты
Батыс Қазақстан апелляциялық соты пәк болып шыққан 13 жасар қызды топтасып зорлады деп айыпталған үш жасөспірімнің әрқайсысына бір айға бас бостандығынан айыру жазасын қосты
Clock 19.10.2024 11:47