Some image
Пугачёво ауылында Украинадағы соғыста қаза тапқан БҚО тумасын жерледі
Clock 09.12.2025 17:23
837
0

Бүгін, 2025 жылдың 9 желтоқсанында, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданына қарасты Пугачёво ауылында Украинадағы соғыста қаза тапқан 27 жастағы Виктор Коцюбинский жерленді. Ол Ресей Федерациясы тарапында соғысқан. Алты ай бұрын ол ресейлік телеарнаның сюжетіне түсіп, туғандарына сәлем жолдап, «бәрі жақсы болады» деп айтқан еді. Қазір оның қабірінде туған күні – 24.06.1998 деп көрсетілген, бірақ нақты қаза тапқан күні жоқ, тек айы мен жылы ғана – 11.2025 деп жазылған.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, Виктор үш ағайындының кенжесі болған. Бірнеше жыл бұрын оның анасы қайтыс болған. Ол Пугачёво ауылындағы мектепті аяқтап, Қазақстан әскерінде қызмет еткен. Отбасы кедей тұрғандықтан, Виктор соғысқа ақша үшін барған болуы мүмкін деген болжамдар бар. Алайда Виктордың отбасыға жақын танысы Ольга есімді әйелдің айтуынша, оның соғысқа қалай тап болғаны туралы туыстары әлі күнге дейін нақты білмейді.

«Мен сұхбат бермеймін. Біз де нақты себебін білмейміз. Ол Ресейге жұмысқа кеттім деді. Тек жақтан біреу хабарласып, оның сонда жүргенін айтқанда ғана білдік. Мүмкін ақша үшін де кеткен шығар…» – деді әйел.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, ресейлік телеарнадағы сюжеттен кейін Виктор осы жылдың жазында байланысқа шықпай қалған. Сюжетте оның Қазақстаннан екені және соғыстағы лақап есімі «Гром» екені айтылған. Өзі де камераға жақындарына сәлем айтып, уайымдамауды, «бәрі жақсы болады» деп айтып, соғыс жақында аяқталады деп сендірген.

Виктордың қазасы жайлы білгеннен кейін ауылдағы «What’s up» чатында оның жерлеуіне ақша жинай бастаған. Коцюбинскийді 6 желтоқсан, сенбі күні жерлейді деп жоспарланған. Алайда ауыл тұрғындарының айтуынша, оның денесін Ресей–Қазақстан шекарасынан өткізген соң, Уральск қаласында сараптамаға алып кеткен. Марқұмның денесі ауылға 8 желтоқсан кешкісін әкелінді. Бүгін, 2025 жылдың 9 желтоқсанында, ол ауыл зиратына жерленді.

Осындай жағдайларға байланысты ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан азаматтарының шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысуы Қылмыстық кодекстің 172-бабына сәйкес, бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қарастырылатынын үнемі ескертіп келеді. Әрбір мұндай дерек бойынша қадағалаушы орган сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, іс қозғайды.

 

 

Талғат Омар

 

 

0
Батыс Қазақстан облысындағы Дөңгелек су қоймасында қаза тапқан аңшының әкесі ұлының денесінен көптеген жарақаттарды анықтай алмаған сарапшыны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде (ВИДЕО)
Батыс Қазақстан облысындағы Дөңгелек су қоймасында қаза тапқан аңшының әкесі ұлының денесінен көптеген жарақаттарды анықтай алмаған сарапшыны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде (ВИДЕО)
Clock 31.03.2024 22:30
Оралда балалар тіс дәрігері мұрагерлік іс бойынша қамауға алынды (ВИДЕО)
Оралда балалар тіс дәрігері мұрагерлік іс бойынша қамауға алынды (ВИДЕО)
Clock 06.12.2023 01:22
Оралда жалған қорытынды берді деп айыпталған сарапшының адвокаттары соттан марқұм егердің әкесін жәбірленушілер қатарынан шығаруды сұрады
Оралда жалған қорытынды берді деп айыпталған сарапшының адвокаттары соттан марқұм егердің әкесін жәбірленушілер қатарынан шығаруды сұрады
Clock 04.03.2026 19:57