Some image
Оралда күрделі жөндеуден кейін №9 мектеп ашылмақ (ВИДЕО)
Clock 19.02.2025 22:58
168
0

Бұл оқиғаны оқушылар, олардың ата-аналары және мектеп әкімшілігі шамамен 7 айдан бері күтіп жүр.

Күрделі жөндеу жұмыстары 1,5 айға созылып кетті.

«Строитель» шағын ауданында орналасқан №9 мектепте 1875 оқушы білім алады. Алайда мектеп жобалық қуатына сай 1200 оқушыға арналған.
Соған қарамастан, мектеп директоры Майра Есенгазиеваның айтуынша, барлық оқушыларға орын жеткілікті – олар екі ауысымда оқып жатыр.

Ертең, 20 ақпанда, оқушыларды жаңартылған мектеп дәліздері мен мамандандырылған кабинеттер қарсы алады: қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге арналған лингафон кабинеті, информатика, робототехника, физика және география кабинеттері.
Әзірге баскетбол шығыршықтары орнатылмаған жаңа спортзал да дайын, алайда мектеп әкімшілігінің айтуынша, олар жақын арада жеткізіліп, орнатылады.
Жұмсақ орындықтары бар акт залы мен сахна артында орналасқан костюмер бөлмесі де бар.
Заманауи кітапхана жабдықталған.

5,5 айға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары күтпеген жағдайларға байланысты 7 айға созылды.
«AGA Building Group» ЖШС техникалық директоры Мирам Шайжановтың айтуынша, жөндеу барысында күтпеген қосымша жұмыстар анықталған.
Құрылысшылар сылақты алып тастағанда, қабырғаларда жарықтар бар екені байқалды, сол себепті техникалық зерттеу жүргізіліп, мектеп ғимаратының барлық қабаттарына болат кергіштер орнатылған. Сондай-ақ, бастапқы жоба бойынша мектептің іргетас айналасы жөнделуі тиіс еді, алайда қабырғадағы жарықтарға байланысты құрылысшылар толыққанды іргетас төсемін құюға мәжбүр болды. Бұдан бөлек, мектеп ғимаратын қаптайтын сайдинг көлемі дұрыс есептелмеген. Алғашында 3500 м² деп жоспарланса, іс жүзінде 5500 м² қажет болған.

Жөндеу жұмыстарына техникалық қадағалауды «Жайық-консалтинг» ЖШС, авторлық қадағалауды «ГазПроектСтрой» ЖШС жүргізді.
Аяқталған жұмыстарға 2 жылдық кепілдік мерзімі белгіленген. Осы уақыт ішінде ақаулар анықталса, мердігер оларды мектептің бірінші талап етуі бойынша жөндеуі тиіс.
Келісімшарттың сомасы жарияланбайды, бірақ мердігердің айтуынша, ол 900 миллион теңгеден аспайды.

Әлеуметтік желілерде Орал тұрғындары баспалдақ сатыларының биіктігі мен бір сыныптағы тақта үстіндегі шамдардың дұрыс бекітілмеуіне қатысты сын айтты.
Расымен, бір саты басқаларынан биіктеу болып шыққан, алайда мердігердің пікірінше, құрылысшылар ең аз мөлшердегі тегістеу қабатын құю арқылы барынша дұрыс шешім қабылдаған.
Ал жарық құрылғыларының бекітілуі туралы «AGA Building Group» ЖШС техникалық директоры олардың бетон мен кірпіш арасындағы ерітіндіге түсіп кетуі мүмкін екенін айтты, сондықтан бекітілуі жеткілікті деңгейде болмаған.

Жаз айларында мердігер мектеп ауласын абаттандыруды жоспарлап отыр – ағаштар отырғызу, спорт алаңдарын, кедергілер жолағын салу, футбол қақпаларын орнату қарастырылған.

№9 мектеп 1988 жылы салынған. 2025 жылдың күзіне қарай мектептің құрылғанына 37 жыл толады.

 

 

Талғат Омар

 

 

0
Оралда 13 жасар қызды зорлады деп айыпталған төрт жасөспірім мен 20 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты
Оралда 13 жасар қызды зорлады деп айыпталған төрт жасөспірім мен 20 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты
Clock 05.06.2024 21:05
Clock 31.07.2023 13:56
Батыс Қазақстанда «Ақсай тас жолының» ең көп бұзылған учаскелерінде жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр
Батыс Қазақстанда «Ақсай тас жолының» ең көп бұзылған учаскелерінде жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр
Clock 18.07.2024 14:52