Some image
300-ден астам саяжай тұрғынының тек 2-еуі ғана БҚО сотында әкімдіктердің оларға жаңа баспана сатып алудан бас тарту туралы шешімін бұза алды
Clock 16.10.2024 17:37
1069
0

Биыл су тасқыны басталғаннан кейін және 2024 жылдың қазан айына дейін Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардан әкімдік баспана беруден бас тартқан 312 талап-арыз түскен.

Батыс Қазақстан облысының облыстық сотының мәліметінше, жалпы талап арыздар санынан Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 237 талап арызды қараған. 194 қайтарылды, оның ішінде: 13 талап арыз – талапкердің сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамауына байланысты, 1 – арызға негізсіз адам қол қойған, 175 – талап қоюшылардың өздері кері қайтарып алған, 4 – істер әкімшілік өндірісте қаралуға жатады, 1 – талап арыз беру мерзімі өтіп кеткен.

Небәрі екі талап арыз бойынша сот талапкерлердің талаптарын қанағаттандыру туралы 2 шешім (олар заңды күшіне енген жоқ) және талап қоюшылардың талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы 29 қаулы (олар да заңды күшіне енген жоқ) шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда су тасқынынан зардап шеккен 2300 отбасы баспаналы болды. Бұлар құжаттары реттелген адамдар. Олар үшін билік 400-ден астам үй салды, 600-ден астам жаңа пәтер сатып алды және қайталама нарықта 1000-нан астам пәтер сатып алды.

 

 

 

Талғат Омар

 

0
Оралда су тасқынынан зардап шеккен жүзге жуық отбасы биліктен көмек сұрауды (ВИДЕО)
Оралда су тасқынынан зардап шеккен жүзге жуық отбасы биліктен көмек сұрауды (ВИДЕО)
Clock 09.10.2024 14:42
8 айдан бері басқа облыстарға ауыстырылған сотталғандардың туыстары олардың Оралға қайтарылуын талап етіп отыр
8 айдан бері басқа облыстарға ауыстырылған сотталғандардың туыстары олардың Оралға қайтарылуын талап етіп отыр
Clock 06.12.2024 14:45
Қазақстанда қайта өңдеу ақысын алып тастау және бастапқы тіркеу туралы петицияға 50 мың қол жиналды
Қазақстанда қайта өңдеу ақысын алып тастау және бастапқы тіркеу туралы петицияға 50 мың қол жиналды
Clock 24.05.2024 16:43