Some image
Белсенді Мару Ескендірова Оралда 25 тәулікке қамауға алынды
Clock 15.12.2023 18:14
1694
0

Ол митингке шақыру туралы Facebook жазбасында белгіленді. Белсенді қыздың өзі басылымға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Кеше, 14 желтоқсанда әкімшілік соттың судьясы Ернар Халықов белсенді Мару Ескендірованы ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы «Республика заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілген митингілер ұйымдастыру және (немесе) өткізу» бойынша кінәлі деп таныды. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде тағы да Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылған.

Әкімшілік істің қозғалуына әлеуметтік желіде Ескендірованы митингке шығуға шақырды деген ақпарат себеп болған.

Сот залында Ескендірова басылымға сілтеме жасалған Facebook аккаунтын 2 жылдан астам пайдаланбағанын айтты.

Сот барысында Ескендірова шектеуде болғандықтан митингке шығуға ниеті жоқ екенін айтты.

- Өзім шықпасам, неге біреуге хабарласамын? – деді Ескендірова.

Белсенділердің барлық уәжіне қарамастан судья Ернар Халықов Ескендірованы 25 тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылдады.

 

Талғат Омар

 

0
Оралда Энергетика вице-министрімен кездесуде «Батысэнерго ресурсы» ЖШС директоры өз компаниясының құрылтайшыларының аты-жөнін атамады (ВИДЕО)
Оралда Энергетика вице-министрімен кездесуде «Батысэнерго ресурсы» ЖШС директоры өз компаниясының құрылтайшыларының аты-жөнін атамады (ВИДЕО)
Clock 03.03.2024 01:12
Оралдағы колониядағы тұтқындарды жаппай ұрып-соғуға қатысты іс «қылмыс құрамының жоқтығы үшін» жабылды
Оралдағы колониядағы тұтқындарды жаппай ұрып-соғуға қатысты іс «қылмыс құрамының жоқтығы үшін» жабылды
Clock 19.01.2024 11:15
Оралда су тасқынынан зардап шеккен жүзге жуық отбасы биліктен көмек сұрауды (ВИДЕО)
Оралда су тасқынынан зардап шеккен жүзге жуық отбасы биліктен көмек сұрауды (ВИДЕО)
Clock 09.10.2024 14:42