Some image
БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев Тасқаладағы адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)
Clock 09.07.2026 15:08
21
1

Еске сала кетейік, 2026 жылдың 3 шілдесінде Тасқала — Аққорай тасжолында патрульдік автокөлік аударылып қалған болатын. Көлік ішінде Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері: майор Абзал Үмбетқалиев пен аға сержант Нұрғали Әдиетов болған.

Осыдан кейін бірден БҚО Полиция департаменті тәртіп сақшыларының қызметтік міндетін атқару үстінде қаза тапқаны туралы ақпарат таратты. Дәл соңғы күні Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, қолдау сөздерін жеткізді. Ол ІІМ тарапынан оларға жан-жақты көмек көрсетілетініне сендірді.

Кеше, 8 шілдеде «Umarovnews» редакциясының иелігіне қайғылы апаттан кейінгі сәт түсірілген видеожазба келіп түсті. Онда полиция қызметкерлерінің жерде жатқаны, ал сәл әріректе шатырымен аударылып қалған патрульдік көлік көрінеді. Кадрлардан қызметкерлердің бірі аяғы мен басын қозғалтқанын байқауға болады, сірә, сол сәтте ол әлі тірі болған сияқты. Екінші қызметкер қозғалыссыз жатыр. Сондай-ақ видеоға асфальт төселмеген ауылдық жол да түсіп қалған.

Бүгін, 2026 жылдың 9 шілдесінде біз БҚО ПД бастығы Арман Оразалиевке хабарласып, оның екі қызметкерінің өмірін қиған Тасқаладағы қайғылы апатқа қатысты түсініктеме беруін сұрадық.

— Жол апатына не себеп болуы мүмкін?

— Білмеймін. Сараптама тағайындалды, тек оның қорытындысынан кейін ғана бірдеңе деуге болады.

— Олар сол күні қайда бара жатқан еді?

— Жұмыс бабымен, қызметтік міндеттерін атқару үстінде болды, қаруды тәркілеуге бара жатқан.

— Ол жердегі жол тегістелген (грейдер) қара жол ғой. Жолдың жағдайы апатқа себеп болуы мүмкін бе? Бұл туралы не ойлайсыз?

— Білмеймін. Бұны да тек сараптама көрсетеді, — деп аяқтады сөзін БҚО ПД бастығы.

 

 

 

Талгат Умаров 

 

 

 

 

1
БҚО-да әр төртінші мектепке күрделі жөндеу қажет, ал екі ауылда әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдаланады
БҚО-да әр төртінші мектепке күрделі жөндеу қажет, ал екі ауылда әлі күнге дейін оқушылар даладағы әжетхананы пайдаланады
Clock 23.08.2025 21:16
Оралда қазылар алқасы 4 баланың анасын 16 жылға бас бостандығынан айырды
Оралда қазылар алқасы 4 баланың анасын 16 жылға бас бостандығынан айырды
Clock 10.08.2023 09:07
Оралда «трамадол патшасы» Николай Карповтың ісі сотқа берілді (ВИДЕО)
Оралда «трамадол патшасы» Николай Карповтың ісі сотқа берілді (ВИДЕО)
Clock 15.07.2024 15:19